(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЗАҢСЫЗ СОТТАУ, ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚҚА ЗАҢСЫЗ ТАРТУ,...
Заңсыз соттау, қылмыстық жауаптылыққа заңсыз тарту, бұлтартпау шарасы ретінде қамауға, үйқамаққа алуды, ешқайда кетпеу туралы қолхат беруді заңсыз қолдану, қамаққа алу немесе түзеу жұмыстары түрінде әкімшілік жазаны заңсыз қолдану, психиатриялық немесе басқа да емдеу мекемесіне заңсыз орналастыру салдарынан келтірілген зиянды өтеу бойынша сот актілерін мемлекеттік бюджет есебінен орындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 204 бұйрығы
Осы редакция 2017 жылғы 11 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңының 6-бабы 3-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Заңсыз соттау, қылмыстық жауаптылыққа заңсыз тарту, бұлтартпау шарасы ретінде қамауға, үйқамаққа алуды, ешқайда кетпеу туралы қолхат беруді заңсыз қолдану, қамаққа алу немесе түзеу жұмыстары түрінде әкімшілік жазаны заңсыз қолдану, психиатриялық немесе басқа да емдеу мекемесіне заңсыз орналастыру салдарынан келтірілген зиянды өтеу бойынша сот актілерін мемлекеттік бюджет есебінен орындау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаменті (М.Б. Әділханов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Б. Сұлтанов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
Б. Имашев
30 наурыз 2015 жылы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 26 наурыздағы
№ 204 бұйрығымен
бекітілген
Редакция документа
Демо – версия документа