(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ТОПОЛОГИЯЛАРҒА АЙРЫҚША ҚҰҚЫҚ БЕРУДІ, ОЛАРДЫ ПАЙДАЛА...
Топологияларға айрықша құқық беруді, оларды пайдалануға құқықты табыстауды Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1344 бұйрығы
(2021.06.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2022 жылғы 21 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» 2001 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған топологияларға айрықша құқық беруді, оларды пайдалануға құқықты табыстауды Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақша және орысша тілдерінде ресми жариялануы үшін және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында оны ресми жариялағаннан кейін орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | М. Бекетаев |
ҚР Әділет министрінің 2021.15.06. № 505 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 29 тамыздағы
№ 1344 бұйрығымен
бекітілген
Редакция документа
Демо – версия документа