(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ ТАҢБАЛАУ МЕН ҚАДАҒАЛАУ ЖӘНЕ МЕДИЦИ...
Дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалау және медициналық бұйымдарды таңбалау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы № ҚР ДСМ-11 бұйрығы
(2024.01.07. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2024 жылғы 19 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2022.30.05. № ҚР ДСМ-49 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2022.30.05. № ҚР ДСМ-49 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі - Кодекс) 242-бабының 4-тармағына сәйкес және «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-2-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2022.30.05. № ҚР ДСМ-49 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес медициналық бұйымдарды таңбалау қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды таңбалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 227 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11088 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
Редакция документа
Демо – версия документа