Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Жастармен жұмыс жөніндегі мамандардың үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 105 бұйрығы (күші жойылды)

Жастармен жұмыс жөніндегі мамандардың үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 105 бұйрығы

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 129-НҚ бұйрығымен күші жойылды

 

«Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 11-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған жастармен жұмыс жөніндегі мамандардың үлгілік біліктілік сипаттамалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Ақпарат және қоғамдық даму

министрі

 

 

Д. Қыдырәлі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрлігі

 

Қазақстан Республикасы

Ақпарат және қоғамдық

даму министрі

2023 жылғы 17 наурыздағы

№ 105 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Жастармен жұмыс жөніндегі мамандардың үлгілік біліктілік

сипаттамалары

 

1-тарау. Жалпы ереже

 

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку