(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ОРГАНДАРЫ...
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы
(2017.05.05. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2018 жылғы 5 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Құпия.
2. Құпия.
3. Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
4. Құпия.
5. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы Жарлықтан туындайтын шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. НАЗАРБАЕВ |
Астана, Ақорда, 2016 жылғы қарашаның 22-і.
№ 373
Президентінің
2016 жылғы 22 қарашадағы
№ 373 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығына:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережеде:
49) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«49) Ұлттық қауіпсіздік комитеті ведомстволарының және ұлттық қауіпсіздік органдарының бірыңғай жүйесіне кіретін өзге де органдардың жедел-қызметтік, жауынгерлік, жедел-іздестіру, қаржылық-шаруашылық және әскери-медициналық қызметін ұйымдастырады және стратегиялық жоспарлауды, бақылау мен аудитті жүзеге асырады;»;
мынадай мазмұндағы 64-19) тармақшамен толықтырылсын:
«64-19) мемлекеттің киберкеңістіктегі инфрақұрылымдары объектілерінің ақпараттарын, коммуникациялары мен стратегиялық объектілерін киберқорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;»;
Редакция документа
Демо – версия документа