Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 қазандағы № 594 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 20 қазандағы № 659 Қаулысы (күші жойылды)

«Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 қазандағы № 594 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 20 қазандағы № 659 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 21 шілдедегі № 444 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 қазандағы № 594 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 50, 321-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі туралы ережеде:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) діни қызмет, ішкі саяси тұрақтылық, мемлекеттік жастар саясаты, волонтерлік қызмет, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру мен іске асыру, сыйлықақылар беру, гранттар ұсыну және олардың іске асырылуына мониторинг жүргізу салаларында басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде салааралық үйлестіруді және мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.»;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Министрліктің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, № 15 кіреберіс.»;

14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«14. Министрліктің миссиясы:

діни қызмет, ішкі саяси тұрақтылық, жастар саясаты, волонтерлік қызмет, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру мен іске асыру, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру салаларында мемлекеттік реттеу.»;

15-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку