(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЛОТЕРЕЯЛАРДЫ ӨТКІЗУ ҚАҒИДАЛАРЫН БЕКІТУ ТУРАЛЫ» ҚАЗА...
Лотереяларды өткізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 8 ақпандағы № 45 бұйрығы
Осы редакция 2024 жылғы 23 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Лотереялар және лотерея қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 3-1) тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Лотереяларды өткізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы тармақпен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді іс-шараларды орындағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі |
А. Оралов |
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
2023 жылғы 8 ақпандағы
№ 45 бұйрығына
қосымша
Лотереяларды өткізу
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы лотереяларды өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Лотереялар және лотерея қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 7-бабының 3-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және лотереяларды өткізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бас жүлде - тираждың ұтыс ойынын өткізу барысында ойнатылмаған және лотереяны өткізу шарттарына сәйкес бір тираждан келесі тиражға ауысатын тираждық лотереяның жүлде қорының бір бөлігі;
Редакция документа
Демо – версия документа