Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 5 мамырдағы № 248 Қаулысы

Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 5 мамырдағы № 248 Қаулысы

 

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Электрондық коммерция орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қайта құру жолымен жарғылық капиталында мемлекет жүз пайыз қатысатын «Электрондық коммерция орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «ЭКО» АҚ) болып қайта ұйымдастырылсын.

2. «ЭКО» АҚ қызметінің негізгі нысанасы:

1) деректерді орналастыру және өңдеу жөнінде көрсетілетін қызметтер;

2) веб-порталдар болып айқындалсын.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) «ЭКО» АҚ жарғысының бекітілуін және оның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2) «ЭКО» АҚ акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтарының Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне берілуін;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер және толықтырулар бекітілсін.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

 Премьер-Министрі

 

Б. Сағынтаев

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2017 жылғы 5 мамырдағы

№ 248 қаулысымен

бекітілген

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін

өзгерістер мен толықтырулар

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку