(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ОРГАНДАРЫ...
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы
(2023.31.07. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2024 жылғы 13 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Арнаулы ақпараттық қызметі» мемлекеттік мекемесі:
1) оны мынадай мемлекеттік мекемелерге:
«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Үкіметтік байланыс қызметі» - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ведомствосына;
«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Арнайы техникалық әзірлемелер орталығы» - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемеге бөлу арқылы;
2) оның жедел іздестіру қызметі субъектілерінің тапсырмалары бойынша арнайы жедел іздестіру іс-шараларын ұйымдастыру, сондай-ақ радиоэлектрондық және радиотехникалық барлау саласындағы функциялары мен өкілеттіктерін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне беру арқылы қайта ұйымдастырылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
ҚР Президентінің 2021.19.07. № 621 Жарлығымен ереже өзгертілді (құпия); ҚР Президентінің 2022.17.05. № 893 Жарлығымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Президентінің 2022.05.07. № 955 Жарлығымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Үкіметтік байланыс қызметі туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
3. Көрсетілген мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне тиісті қаржы жылына республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
Редакция документа
Демо – версия документа