(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИ...
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 Қаулысы
(2022.14.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2023 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылған редакция
ҚР Үкіметінің 2022.20.04. № 232 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берiліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже);
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Мыналар:
1) «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі -«Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
2) «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі - «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Геология комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
3) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі - «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
4) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі - «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Редакция документа
Демо – версия документа