Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖАҢА, ЖЕТІЛДІРІЛГЕН ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ПРЕПАРАТТАРҒА, Ж...

Жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына нормативтік-техникалық құжаттаманы келісу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 7-1/625 бұйрығы

(2017.09.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2021 жылғы 22 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 46-6) тармақшасына және 25-бабының 13) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына нормативтік-техникалық құжаттаманы келісу қағидалары бекітілсін.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Жеке және заңды тұлғалармен ұсынылған жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттардың ғылыми-техникалық құжаттарына келісім Нұсқауышын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 3 наурыздағы № 105 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2229 болып тіркелген);

2) «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 3 наурыздағы № 105 «Жеке және заңды тұлғалармен ұсынылған жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттардың ғылыми-техникалық құжаттарына келісім ңұсқауышын бекіту туралы» бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2007 жылғы 19 қазандағы № 633 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4987 болып тіркелген, 2007 жылғы 6 желтоқсандағы № 187 (1390) «Заң газеті» газетінде жарияланған)).

3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку