(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКIМЕТIНIҢ КЕЙБIР ШЕШIМДЕРIН...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 тамыздағы № 559 Қаулысы
Осы редакция 2023 жылғы 4 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнің
2021 жылғы 14 тамыздағы
№ 559 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:
орталық аппараттың функцияларында:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) техникалық регламенттерді, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлейді және орындайды;»;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша техникалық регламенттерді әзірлейді, бекітеді, жояды, тоқтата тұрады, сондай-ақ техникалық регламенттерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;»;
45), 70) және 92) тармақшалар алып тасталсын;
131) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«131) ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімінің қауіпсіздігі саласындағы ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар мен нормативтерді, нормативтік құжаттарды әзірлейді және бекітеді;»;
140) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«140) техникалық реттеу саласында сараптамалық кеңестер құрады;»;
мынадай мазмұндағы 140-1) тармақшамен толықтырылсын:
Редакция документа
Демо – версия документа