(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАС ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ЖАНЫНДА...
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясын құру туралы
(2020.13.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2022 жылғы 31 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Академия) құрылсын.
2. Академияға білім беру ұйымының ерекше мәртебесі берілсін.
ҚР Президентінің 2020.13.05. № 331 Жарлығымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Академия қызметінің негізгі бағыттары:
1) құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, оның ішінде Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары басшылығының президенттік резервінде тұрған қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру;
1-1) құқық қорғау органдарына қызметке алғашқы рет кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлық;
2) құқық қорғау қызметі саласында ведомствоаралық ғылыми үйлестіру және зерттеулерді жүргізу;
3. жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыру болып айқындалсын.
4. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Академияның уәкілетті органы болып айқындалсын.
5. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Қазақстан Республикасының Үкіметі бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) «Қаржы полициясы академиясы» мемлекеттік мекемесінің және «С.Есқараев атындағы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы заңдылық, құқық тәртібі мәселелерін зерттеу және прокуратура органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты» мемлекеттік мекемесінің таратылуын қамтамасыз етсін;
2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
6. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
7. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
8. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Редакция документа
Демо – версия документа