(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АҢШЫЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖҮРГІЗУ ҚАҒИДАЛАРЫН БЕКІТУ ТУР...
Аңшылық шаруашылығын жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 29 мамырдағы № 18-2/501 бұйрығы
Осы редакция 2018 жылғы 2 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабының 1-тармағының 58) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Аңшылық шаруашылығын жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы | С. Омаров |
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 18-2/501 бұйрығымен
бекітілген
Аңшылық шаруашылығын жүргізу
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Аңшылық шаруашылығын жүргізу осы қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабы 1-тармағының 58) тармақшасына сәйкес әзірленді және аңшылық шаруашылығын жүргізу тәртібін айқындайды.
Редакция документа
Демо – версия документа