«Күзет қызметімен айналысу кұқығына лицензия беру» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 236 бұйрығы (2019.06.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
«Күзет қызметімен айналысу кұқығына лицензия беру» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 236 бұйрығы
(2019.06.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 28 наурыздағы № 261 бұйрығымен күші жойылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Күзет қызметімен айналысу кұқығына лицензия беру» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары ішкі істер департаменттерінің бастықтары осы бұйрықты тиісті қызметтер қызметкерлерінің зерделеуін ұйымдастырсын және оны бұлжытпай орындауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Қ. Қасымов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ә. Исекешев
201 жылғы «___» ______________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Е. Досаев
201 жылғы «___» ______________
«КЕЛІСІЛДІ»:
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
М. Құсайынов
201 жылғы «___» _________
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 16 наурыздағы
№ 236 бұйрығымен бекітілген
«Күзет қызметімен айналысу кұқығына лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Документ утратил силу
Демо – версия документа