(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ ЖЕДЕЛ-ТЕРГЕУ БӨЛІ...
Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 498 бұйрығы
(2018.28.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2019 жылғы 19 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 7-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мемлекеттік кірістер органдарының жедел-іздестіру бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) конкурстық негізде орналасатын лауазымдар тізбесі осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті аумақтық органдарының жедел-іздестіру бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) конкурстық негізде орналасатын лауазымдар тізбесі осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;
3) Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріндегі (экономикалық тергеулер қызметі) лауазымдарға орналасу үшін конкурс өткізу және тағылымдамадан өту қағидалары мен шарттары осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес;
4) Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріндегі (экономикалық тергеу қызметі) лауазымдарға конкурстан тыс орналасу қағидалары мен шарттары осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге алынуын;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуге алынғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде оның баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Редакция документа
Демо – версия документа