(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТІЛ САЯСАТЫН ІСКЕ АСЫРУ...
Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1045 Қаулысы
Осы редакция 2021 жылғы 9 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 − 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекiтiлсiн.
2. Орталық, жергiлiктi атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісу бойынша) және өзге де ұйымдар (келісу бойынша) Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Жауапты орталық, жергiлiктi атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісу бойынша) және өзге де ұйымдар (келісу бойынша) «Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысына сәйкес Бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес ақпарат берсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлiгiне жүктелсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi |
А. Мамин |
Үкіметінің
2019 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1045 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 - 2025 жылдарға арналған
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
1. Бағдарламаның паспорты
Бағдарламаның атауы | Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы |
Редакция документа
Демо – версия документа