(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.04.11 № 1753 ҚАУЛЫСЫ
«ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 қарашадағы № 1753 Қаулысы
Осы редакция 2015 жылғы 28 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің (жалпы бөлім) 249-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының қосымшасына сәйкес заңды тұлғалардың мемлекеттік қатысу үлестерін «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге беруді;
2) «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамының жарияланған акцияларының санын ұлғайтуды;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.
3. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырудың 5-тармағын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2009 жылғы 4 қарашадағы
№ 1753 қаулысына
қосымша
Мемлекеттік қатысу үлестері «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге
берілетін заңды тұлғалардың тізбесі
1. «Арқалық ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 100 %.
2. «Қарабау» элиталы тұқым шаруашылығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 100 %.
3. «Түгіскен» тәжірибе шаруашылығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 100 %.
4. «Мерке» тәжірибе шаруашылығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 100 %.
5. «Кондратов тәжірибе көрсететін орман питомнигі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 100 %.
6. «Красноводопад ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 100 %.
Редакция документа
Демо – версия документа