Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНДА БРОКЕРЛІК ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) Д...

Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативтердің, сондай-ақ олардың мәнiнiң сақталуын сипаттайтын көрсеткiштердiң түрлерін белгілеу, Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар сақтауға тиiстi пруденциялық нормативтердің мәндерін есеп айырысу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 80 Қаулысы

 

Осы редакция 2018 жылғы 27 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі, «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін:

1) мынадай пруденциялық нормативтер белгіленсін:

меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициентінің мәні күн сайын кемінде 1 болады;

өтімділік коэффициентінің мәні күн сайын:

2018 жылғы 1 шілдеден бастап - кемінде 1,2;

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап - кемінде 1,3;

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - кемінде 1,4;

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - кемінде 1,5 болады;

2) пруденциялық нормативтердің сақталуын сипаттайтын мынадай көрсеткіштер:

өтімді активтер;

баланс бойынша міндеттемелер;

меншікті капиталдың ең төменгі мөлшері.

2. Қоса беріліп отырған Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар сақтауға тиiстi пруденциялық нормативтердің мәндерін есеп айырысу қағидалары бекітілсін.

3. Осы қаулының қосымшасына сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілері құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку