(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БАНКТІҢ ПРУДЕНЦИЯЛЫҚ НОРМАТИВТЕРІНІҢ ЖӘНЕ САҚТАЛУЫ ...
Банктің пруденциялық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерінің нормативтік мәндері мен оларды есептеу әдістемелерін, капиталының мөлшерін және Ашық валюталық позицияны есептеу қағидалары мен оның лимиттерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 170 Қаулысы
(2022.01.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2022 жылғы 22 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2019.12.11. № 191 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2019.12.11. № 191 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Банктің пруденциялық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерінің нормативтік мәндері мен оларды есептеу әдістемелері, капиталының мөлшері;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Ашық валюталық позицияны есептеу қағидалары мен оның лимиттері белгіленсін.
2. Мына:
1) «Пруденциялық нормативтердің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен белгілі бір күнге банк капиталының мөлшері лимиттерінің нормативтік мәндерін және есептеу әдістемесін және Банктің ашық валюталық позициясын есептеу қағидаларын және лимиттерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 147 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13919 болып тіркелген, 2016 жылғы 26 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
Редакция документа
Демо – версия документа