(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ТІРКЕУШІ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ ТІЗБЕСІН, НЫСАНДАРЫН, ҰСЫНУ ...
Тіркеуші есептілігінің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдерін және оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 256 Қаулысы
Осы редакция 2018 жылғы 29 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес тіркеуші есептілігінің тізбесі;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес меншікті активтер есебінен сатып алынған бағалы қағаздар туралы есептің нысаны;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес меншікті активтер есебінен жасалған «керi РЕПО» және «РЕПО» операциялары туралы есептің нысаны;
4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес меншікті активтер есебінен орналастырылған салымдар мен ақша туралы есептің нысаны;
5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялар туралы есептің нысаны;
6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес шартты талаптар (міндеттемелер) туралы есептің нысаны;
7) осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес қаржы құралдарын аудару операциялары туралы есептің нысаны;
8) осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметтің қорытындылары туралы есептің нысаны;
9) осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес тіркеуші қызмет көрсететін инвестициялық қорлардың және инвестициялық қорлардың пайларын (акцияларын) ұстаушылардың саны туралы есептің нысаны;
10) осы қаулыға 10-қосымшаға сәйкес эмитенттердің дауыс беретін акциялары туралы есептің нысаны;
11) осы қаулыға 11-қосымшаға сәйкес Тіркеушінің есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Тіркеуші Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне электрондық форматта:
Редакция документа
Демо – версия документа