«Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 120 Жарлығы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Президентінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 681 Жарлығымен күші жойылды
Осы Жарлыққа ҚР Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының түсіндірмесін қараңыз
Қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі - өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін.
2. Осы Жарлық, 2015 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағының екінші, үшінші абзацтарын қоспағанда, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2015 жылғы қарашаның 30-ы.
№ 120
Президентінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 120 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 30, 259-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінде:
4-тармақтың 5) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«5) мемлекеттік бағдарламалар (5 жылды қоса алғанға дейінгі);
6) үкіметтік бағдарламалар (5 жылды қоса алғанға дейінгі);»;
5-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Екінші деңгейдегі құжаттарға аядағы/саладағы даму стратегиясын айқындайтын құжаттар - 5 жылға арналған Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, 5 жылды қоса алғанға дейінгі мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар жатады.»;
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Документ утратил силу
Демо – версия документа