«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 21 мамырдағы № 43 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 21 мамырдағы № 43 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Сот сарапшысы біліктілігін беру үшін емтихандарды қабылдау қағидаларын қағидаларын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 335 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15031 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 3 мамырда жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
«Сот сараптамасы қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 15) тармақшасына және 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес» БҰЙЫРАМЫН:»;
Осы бұйрыққа 1-қосымшасына сәйкес Сот сарапшысы біліктілігін беру үшін емтихандарды қабылдау қағидалары жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Сот сарапшыларын аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 336 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15033 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 28 сәуірде жарияланған) келесі следующие изменения өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
«Сот сараптамасы қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 18) тармақшасына және 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес» БҰЙЫРАМЫН:»;
Осы бұйрыққа 2-қосымшасына сәйкес Сот сарапшыларын аттестаттау қағидалары жаңа редакцияда жазылсын.
3. Осы қосымшаға 3-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
Демо – версия документа