(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИНГ ОРГАНДАРЫНЫҢ ЖЕДЕЛ-ТЕРГЕУ БӨЛІМ...
Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығы
(2022.18.03. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 31 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабының 8-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес аттестаттауға жататын қызметкердің Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне және қаржылық мониторинг органдарының экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің логикалық ойлауына компьютерлік тестілеуден өту қағидалары мен шарттары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес қаржылық мониторинг органдары экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің кәсіби жарамдылығын айқындау бойынша нормативтер;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес қаржылық мониторинг органдарының экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің лауазым санаттары үшін шекті мәндер;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес қаржылық мониторинг органдарының экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлеріне көтермелеулерді қолдану қағидалары;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес қаржылық мониторинг органдарының экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлығын ұйымдастыру қағидалары;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес қаржылық мониторинг органдарының қарамағындағы қызметкерлердің қызмет өткеру қағидалары;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес қаржылық мониторинг органдарының экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің дербес деректері бар жеке істерді жүргізу қағидалары.
Редакция документа
Демо – версия документа