(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІНІҢ 2014.25.11 № 9-1/...
Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 9-1/613 бұйрығы
(2015.05.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2015 жылғы 26 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 1 тармақтың 41) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Инвестициалық саясаты департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттік тiркелуiн және заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін вице-министрге жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланнан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | А. Мамытбеков |
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі Б. Сұлтанов 2014 жылғы 24 қараша | «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі Е. Досаев 2014 жылғы 24 қараша |
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 25 қарашадағы
№ 9-1/613 бұйрығымен
бекітілген
Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының
лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау
қағидалары
1. Жалпы ережелер
Редакция документа
Демо – версия документа