(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН КӨЛІК ЛИЗИНГТІК КОМПАНИЯСЫ» АКЦИОНЕРЛІК Қ...
«Қазақстан көлік лизингтік компаниясы» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 қарашадағы № 798 Қаулысы
Осы редакция 2018 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан көлік лизингтік компаниясы» акционерлік қоғамы «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» акционерлік қоғамы болып қайта аталсын.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізілсін.
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Үкіметінің
2018 жылғы 29 қарашадағы
№ 798 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер
1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысудың мемлекеттік үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктерінің тізбесінде:
«Астана қаласы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 21-112-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«21-112. «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ».
Редакция документа
Демо – версия документа