(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖОЛ ЖҮРУ ҚҰЖАТЫН БЕРУ» МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ Қ...
«Жол жүру құжатын беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 5 наурыздағы № 134 бұйрығы
(2022.26.07. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2024 жылғы 24 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жол жүру құжатын беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетіне (М.Т. Қабденов) жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс
Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрі |
Е. Тургумбаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрінің
2021 жылғы 5 наурыздағы
№ 134 бұйрыққа
1-қосымша
«Жол жүру құжатын беру» мемлекеттік қызмет көрсету
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 2022.26.07. № 624 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Редакция документа
Демо – версия документа