«Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өңірлік кадр резервін қалыптастыру және одан тағайындау қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кадр комиссиялары туралы» 2013 жылғы 7 наурыздағы № 520 және «Президенттік жастар кадр резервінің кейбір мәселелері туралы» 2019 жылғы 27 тамыздағы № 141 жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 15 маусымдағы № 255 Жарлығы (2023.23.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өңірлік кадр резервін қалыптастыру және одан тағайындау қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кадр комиссиялары туралы» 2013 жылғы 7 наурыздағы № 520 және «Президенттік жастар кадр резервінің кейбір мәселелері туралы» 2019 жылғы 27 тамыздағы № 141 жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы
(2023.23.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өңірлік кадр резервін қалыптастыру және одан тағайындау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кадр комиссиялары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 7 наурыздағы № 520 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережеде:
3-тармақтың 2-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-2) мыналардың:
өз өкілеттіктерін кемінде алты ай орындап жүрген қызметтегі судьялардың, Парламент депутаттарының, тұрақты негізде жұмыс iстейтiн мәслихат депутаттарының, мемлекеттік саяси қызметшілердің, халықаралық қызметшілердің;
өз өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқандарды қоспағанда, өз өкілеттіктерін кемінде алты ай орындаған және оларды тоқтатқан халықаралық қызметшілердің, судьялардың;
Демо – версия документа