«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 25 шілдедегі № 604 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 25 шілдедегі № 604 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Үкіметінің
2024 жылғы 25 шілдедегі
№ 604 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер
1. «Судьяға қызметтік міндеттерін орындауына байланысты мертіккен (жарақаттанған, жараланған, контузия алған, кәсіптік ауруға шалдыққан) немесе қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда біржолғы өтемақы төлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 сәуірдегі № 336 қаулысында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Судьяға қызметтік міндеттерін орындауына байланысты мертіккен (жарақаттанған, жараланған, контузия алған, кәсіптік ауруға шалдыққан) немесе қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 54-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Судья қызметтік міндеттерін орындауына байланысты мертіккен (жарақаттанған, жараланған, контузия алған, кәсіптік ауруға шалдыққан) немесе қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Судьяға қызметтік міндеттерін орындауына байланысты мертіккен (жарақаттанған, жараланған, контузия алған, кәсіптік ауруға шалдыққан) немесе қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда біржолғы өтемақы төлеу ережесінде:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа