(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЗАҢҒА ТӘУЕЛДІ НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ ЖОБАЛ...
Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, олардың келісілу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 569 Қаулысы
(2018.04.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2020 жылғы 25 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 21-бабының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, олардың келісілу қағидалары бекітілсін.
ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 943 Қаулысымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1.1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің уақытша Регламентінде, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде iс жүргізу жөніндегі уақытша нұсқаулықта электрондық құжат айналымы және іс жүргізу бөлігінде Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму, Ақпарат және коммуникациялар, Қаржы министрліктерінде, Астана қаласының әкімдігінде пилоттық жобаны жүргізу кезеңінде заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеудің, келісудің өзге де тәртібі белгіленуі мүмкін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
ҚР Үкіметінің 2018.04.12. № 804 Қаулысымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 6 қазандағы
№ 569 қаулысымен
бекітілген
Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, олардың келісілу
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Редакция документа
Демо – версия документа