Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАС...

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы
1995 жылғы 12 желтоқсандағы № 2676 Қазақстан Республикасының  Заңы

(2015.16.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2017 жылғы 11 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы:

2015.28.10. № 369-V ҚР Заңын қараңы (2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

 

 

I. Жалпы Ережелер

 

1-бап. Қазақстан Республикасының азаматтары жемiстi мемлекеттік, қоғамдық, шығармашылық қызметi, еңбектегi және жауынгерлiк ерлiктерi үшiн, олардың Республикаға сiңiрген еңбегiнiң танылуының белгiсi ретiнде мемлекеттік наградалармен наградталады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен Қазақстан Республикасына еңбек сiңiрген шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың да наградталуы мүмкiн.

Мемлекеттік наградалармен наградтауды Қазақстан Республикасының Президентi жүзеге асырады.

 

 2008 ж. 11 желтоқсандағы № 93-ІV ҚР Заңымен 2-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

2-бап. Ең жоғары дәрежелi ерекшелiк белгiлерi - «Алтын Қыран» орденi, «Халық қа?арманы» , «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да ордендерi, медальдары, құрметтi атақтары және Құрмет грамотасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары болып табылады.

 

2008 ж. 11 желтоқсандағы № 93-ІV ҚР Заңымен 3-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

3-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттік наградаларының атаулары мемлекеттік тiлде белгiленедi.

Мемлекеттік наградалардың сипаттамасын, «Алтын Қыран» орденi, «Халық қа?арманы» , «Қазақстанның Еңбек Ері» кiтапшаларының, орден кiтапшаларының, медальдарға куәлiктердiң және құрметтi атақтар берiлгенi туралы куәлiктердiң үлгiлерiн, мемлекеттік наградаларға ұсыну және оларды тапсыру тәртібін, басқа да құжаттар мен ережелердi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.

 

4-бап. «Алтын Қыран» орденiмен наградтау үшiн кандидатураларды Қазақстан Республикасының Президентi анықтайды.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку