Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 1 желтоқсандағы № 93-ІV Қазақстан Республикасының Заңы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

 

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы»

Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

 

Осы  Заңға түсініктемені қара

 

1-бап. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., №23, 143-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 18, 366-құжат; 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 21, 782-құжат; 2001 ж., № 10,  121-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2003 ж., № 15, 131-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; № 17, 139-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар  енгізілсін:

1) 2-бапта:

«Халық қаһарманы» деген сөздерден кейін «, «Қазақстанның Еңбек Ері» деген сөздермен толықтырылсын;

«атағы» деген сөз «атақтары» деген сөзбен ауыстырылсын;

2) 3-баптың екінші бөлігі «Халық қаһарманы» деген сөздерден кейін «, «Қазақстанның Еңбек Ері» деген сөздермен толықтырылсын;

3) мынадай мазмұндағы 10-1-баппен толықтырылсын:

«10-1-бап. «Қазақстанның Еңбек Ері атағы Қазақстан Республикасын экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық дамытудағы аса үздік жетістіктері үшін беріледі.

«Қазақстанның  Еңбек Ері» атағына ие болған адамдарға айрықша ерекшелік белгісі - Алтын жұлдыз және «Отан» ордені тапсырылады.».

2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Президенті 

Н.НАЗАРБАЕВ.

 

Астана, Ақорда, 2008 жылғы желтоқсанның 1-і.

 № 93-ІV ҚРЗ.

 

Укажите название закладки

Создать новую папку