«Қазақстан Республикасының «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Түркістан қаласының ерекше мәртебесі және шет елдегі мәдениет орталықтары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2025 жылғы 3 наурыздағы заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2025 жылғы 20 наурыздағы № 57-ө Өкімі
Қазақстан Республикасының «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Түркістан қаласының ерекше мәртебесі және шет елдегі мәдениет орталықтары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2025 жылғы 3 наурыздағы заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2025 жылғы 20 наурыздағы № 57-ө Өкімі
1. Қоса беріліп отырған, қабылдануы Қазақстан Республикасының «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Түркістан қаласының ерекше мәртебесі және шет елдегі мәдениет орталықтары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2025 жылғы 3 наурыздағы заңдарымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі — тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:
1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне белгіленген тәртіппен бекітуге енгізсін;
2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын;
3) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің әзірленуі және қабылдануы туралы ақпаратты ай сайын, 30-ы күнінен кешіктірмей, жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.
3. Түркістан қаласының жергілікті өкілді (келісу бойынша) және атқарушы органдары тізбеге сәйкес тиісті құқықтық актілерді әзірлесін және қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі көрсетілген заңдарды іске асыру жөніндегі ақпаратты талдасын, қорытындыласын және ай сайын, 5-і күнінен кешіктірмей, жиынтық ақпаратты жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.
Премьер-Министр | О. Бектенов |
Премьер-Министрінің
2025 жылғы 20 наурыздағы
№ 57-ө өкімімен
бекітілген
Демо – версия документа