(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУҒА ЖӘРДЕМДЕСУДІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛ...
Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 516 бұйрығы
(2017.14.02. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2018 жылғы 14 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 6), 13) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бір данасын баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Редакция документа
Демо – версия документа