(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ...
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 236 бұйрығы
(2023.26.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2023 жылғы 14 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр | А. Мырзахметов |
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2022.25.01. № 17 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2022.20.07. № 231 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2023.26.07. № 271 бұйрығымен (бұр.ред.қара) ереже жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2016 жылғы 26 мамырдағы
№ 236 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің
Жер ресурстарын басқару комитеті туралы
ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Комитет) жер ресурстарын басқару саласында басшылықты жүзеге асырады.
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Редакция документа
Демо – версия документа