«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қарашадағы № 756 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қарашадағы № 756 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Үкіметінің
2018 жылғы 16 қарашадағы
№ 756 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің
тізбесі
1. «Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия және оның жұмысын ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 қыркүйектегі № 1140 қаулысы.
2. «Рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру және оның жұмысын ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 қыркүйектегі № 1140 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 431 қаулысы.
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 329 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерiстер мен толықтырулардың 59-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 26, 212-құжат).
Демо – версия документа