(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ КЕЙБІР ШЕШІМДЕРІН...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 312 Қаулысы
Осы редакция 2023 жылғы 28 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2015 жылғы 25 сәуірдегі
№ 312 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын төлеуді жүзеге асыру қағидаларын және оның мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 381 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 40, 522-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінген ақша қаражатын төлеуді жүзеге асыру қағидаларында және оның мөлшерінде:
3-тармақ алып тасталсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын тағайындау үшін патронат тәрбиеші тұрғылықты жері бойынша қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға (бұдан әрі - орган):
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ақша қаражатын тағайындау туралы өтінішті;
2) баланың (балалардың) білім беру ұйымында білім алатыны туралы анықтаманы;
3) баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шартты ұсынады.».
Редакция документа
Демо – версия документа