«Ақталған адамға куәлік беру қағидаларын және ақталған адам куәлігінің үлгісін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 28 ақпандағы № 78 бұйрығы (2024.29.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Ақталған адамға куәлік беру қағидаларын және ақталған адам куәлігінің үлгісін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 28 ақпандағы № 78 бұйрығы
(2024.29.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18 және 24-баптарына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Ақталған адамға куәлік беру қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес ақталған адам куәлігінің үлгісі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024.18.01. № 6 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 4 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Демо – версия документа