«Мұнай және газ, жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету салаларындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарды айқындау және «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 желтоқсандағы № 1684 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 489 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 қарашадағы № 754 Қаулысы
«Мұнай және газ, жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету салаларындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарды айқындау және «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 желтоқсандағы № 1684 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 489 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 қарашадағы № 754 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мұнай және газ, жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету салаларындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарды айқындау және «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы26 желтоқсандағы № 1684 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 489 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 36, 257-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес:
1) мұнай және газ саласында - Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі;
2) жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету саласында - Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарлар болып айқындалсын.»;
көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Yкiметiнiң
2017 жылғы 17 қарашадағы
№ 754 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2015 жылғы 29 маусымдағы
Демо – версия документа