«Қоғамдық тыңдауларды ұйымдастыру және өткізу тәртібіне қойылатын үлгілік талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1191 Қаулысы (күші жойылды)
Қоғамдық тыңдауларды ұйымдастыру және өткізу тәртібіне қойылатын үлгілік талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1191 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 18 наурыздағы № 151 Қаулысымен күші жойылды
«Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қоғамдық тыңдауларды ұйымдастыру және өткізу тәртібіне қойылатын үлгілік талаптар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1191 қаулысымен
бекітілген
Қоғамдық тыңдауды ұйымдастыру және өткізу тәртібіне қойылатын
үлгілік талаптар
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қоғамдық тыңдауды ұйымдастыру және өткізу тәртібіне қойылатын үлгілік талаптар (бұдан әрі - Үлгілік талаптар) «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 21-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және қоғамдық тыңдауды ұйымдастыру мен өткізу тәртібіне қойылатын үлгілік талаптарды белгілейді.
2. Осы Үлгілік талаптарда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) қоғамдық тыңдау - мыналарды:
бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын, стратегиялық жоспарлардың немесе аумақтарды дамыту бағдарламаларының жобаларын, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың жобаларын;
азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын;
қызметтік әдеп нормаларының сақталуын қоса алғанда, мемлекеттік басқаруды жетілдіру және мемлекттік аппараттың ашық жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін;
Документ утратил силу
Демо – версия документа