«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі № 239 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі № 239 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 14 сәуірдегі
№ 239 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 1288 қаулысында:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
реттік нөмірі 1-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі»;
реттік нөмірі 2-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі».
Демо – версия документа