Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жергілікті жерде, оның ішінде Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызмет персоналының бірге жүретін отбасы мүшелері қатарынан жұмысқа қабылданған штаттан тыс жұмыскерлердің еңбек жағдайларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2024 жылғы 12 қарашадағы № 11-1-4/633 бұйрығы

Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жергілікті жерде, оның ішінде Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызмет персоналының бірге жүретін отбасы мүшелері қатарынан жұмысқа қабылданған штаттан тыс жұмыскерлердің еңбек жағдайларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2024 жылғы 12 қарашадағы № 11-1-4/633 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № 571 қбп қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналының шет елдегі еңбек жағдайларының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жергілікті жерде, оның ішінде Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызмет персоналының бірге жүретін отбасы мүшелері қатарынан жұмысқа қабылданған штаттан тыс жұмыскерлердің еңбек жағдайлары бекітілсін.

2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Валюта-қаржы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Аппарат басшысына жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрінің

 міндетін атқарушы

 

 

Р. Василенко

 

«Келісілді»

Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты әлеуметтік

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку