«Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қазандағы № 1131 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 217 Қаулысы (күші жойылды)
«Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қазандағы № 1131 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 217 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 758 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қазандағы № 1131 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидалары»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 13 сәуірдегі
№ 217 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 23 қазандағы
№ 1131 қаулысымен бекітілген
Өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Документ утратил силу
Демо – версия документа