Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Жекешелендірудің 2021 – 2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 1177 Қаулысы

«Жекешелендірудің 2021 - 2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 1177 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Жекешелендірудің 2021 - 2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған:

1) Жекешелендірудің 2021 - 2025 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі ‒ Кешенді жоспар);

2) жекешелендіру объектілерін Кешенді жоспарға қосу және одан алып тастау жөніндегі әдістеме бекітілсін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген жекешелендірілетін квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тізіміне енгізу өлшемшарттары (қағидаттары) осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына (келісу бойынша) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес өткізілуінің, қайта ұйымдастырылуының, таратылуының мерзімдерін, тәсілдерін, сондай-ақ өзге де шарттарын «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқармасы айқындайтын «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының еншілес, тәуелді ұйымдарының және онымен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың тізбесін бекіту ұсынылсын.»;

көрсетілген қаулыға 6-қосымшада тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Өткізілуінің, қайта ұйымдастырылуының, таратылуының мерзімдерін, тәсілдерін, сондай-ақ өзге де шарттарын «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқармасы айқындайтын «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының еншілес, тәуелді ұйымдарының және онымен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың тізбесі».

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку