(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ДЕРБЕС СӘЙКЕСТЕНДІРУ НӨМІР-КОДТАРЫН БЕРУ ҚАҒИДАЛАРЫ...
Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 646 бұйрығы
Осы редакция 2018 жылғы 10 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңының 4-бабының 8-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберілуін, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға орналастырылуын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
Министр | Б. Сұлтанов |
Қаржы министрінің
2015 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 646 бұйрығымен бекітілген
Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңының 4-бабының 8-2) тармақшасына сәйкес әзірленген және дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын (бұдан әрі - ДСН-коды) этил спирті және алкоголь өнімі өндірушілеріне және импорттаушыларына (сыра және сыра сусынынан басқа) беру тәртібін айқындайды.
Редакция документа
Демо – версия документа