Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2014.31.12 № 1440 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1440 Қаулысы

 

Осы редакция 2015 жылғы 28 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

2. Осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес республикалық мемлекеттік заңды тұлғалар қайта аталсын.

3. Мыналар:

1) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі осы қаулыға 1-қосымшада көрсетілген республикалық мемлекеттік заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару жөніндегі уәкілетті орган;

2) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ведомстволары осы қаулыға 2-қосымшада көрсетілген республикалық мемлекеттік заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару жөніндегі уәкілетті органдар болып айқындалсын.

4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2014 жылғы 31 желтоқсандағы

№ 1440 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

 

1. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку