«Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 162 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 207 бұйрығы
«Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 162 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 207 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 25 ақпандағы № 848 Жарлығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 162 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10184 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Дінтану сараптамасын (бұдан әрі - сараптама) жүргізуді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті (бұдан әрі - уәкілетті орган) қамтамасыз етеді.»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Дінтану сараптамасын жүргізу үшін гуманитарлық ғылымдар бағыты бойынша мына мамандықтардың біреуі бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар сарапшылар тартылады:
дінтану;
теология;
исламтану.»;
көрсетілген Қағидаларға қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Демо – версия документа