Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасын есептеу қағидаларын бекіту туралы және азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге шығыстардың тіркелген үлесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2015 жылғы 27 шілдедегі № 623 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 31 шілдедегі № 585 бірлескен бұйрығы (2017.09.10. берілген өзгерістермен)

Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасын есептеу қағидаларын бекіту туралы және азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге шығыстардың тіркелген үлесін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2015 жылғы 27 шілдедегі № 623 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 31 шілдедегі № 585 бірлескен бұйрығы

(2017.09.10. берілген өзгерістермен)

 

«Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 17-бабының 2-тармағына және 18-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1. Қоса беріліп отырған Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасын есептеу қағидалары бекітілсін.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017.07.09. № 296 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2017.09.10. № 354 бірлескен бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың тіркелген үлесі ең төмен азық-түлік себеті құнының 45% мөлшерінде белгіленсін.

3. «Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасын есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының 2005 жылғы 2 желтоқсандағы № 307/1-ө және Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2005 жылғы 5 желтоқсандағы № 194 бірлескен бұйрығының (нормативтік-құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 3980 тіркелген және 2006 жылғы 10 наурыздағы «Заң газеті» № 42-43 (1022-1023) басылымында жарияланған) күшi жойылды деп танылсын.

4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции