«Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 11 қаңтардағы № 168 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 23 қарашадағы № 585 Жарлығы (күші жойылды)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
«Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 11 қаңтардағы № 168 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Президентінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 312 Жарлығымен күші жойылды
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 11 қаңтардағы № 168 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 1-2, 6-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасында:
«Кіріспе» деген бөлімде:
бірінші және екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекет басшысының 2017 жылғы 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына сәйкес рухани жаңғыру бағыттарының бірі ұлттық бірегейлікті сақтау болып танылған.
Дене шынықтыру және спорт саласы жасы мен әлеуметтік мәртебесіне қарамастан қоғамның берік әлеуметтік бірігуіне, болашағы бір ұлтты қалыптастыруға, патриотизмді жүйелі тәрбиелеуге ықпал ететін перспективалы алаңдардың бірі ретінде қызмет атқарады.»;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы - жүзден астам этнос тұратын әлемдегі ірі көпұлтты мемлекеттердің бірі, олардың әрқайсысының бірегей айрықша материалдық және рухани мәдениеті бар, оның ажырамас құрамдасы тамыры тереңде жатқан дәстүрлері бар бұқаралық халықтық спорт түрлері болып табылады. Осылайша мемлекеттік ұлттық саясатқа көпұлтты қоғамның заманауи қажеттіліктері мен мүдделеріне сай келетін жаңа тұжырымдамалық тәсілдер қажет болып отырған, өріс алған жаһандану жағдайында спортты ұлтаралық қарым-қатынасты нығайтатын ерекше мәні бар маңызды факторлардың бірі ретінде қарауға болады.»;
Документ утратил силу
Демо – версия документа