(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МІНДЕТТІ АУДИТ ЖҮРГІЗЕТІН АУДИТОРЛЫҚ ҰЙЫМДАРҒА ҚОЙЫ...
Міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын ең аз талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 231 бұйрығы
(2016.18.11. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2021 жылғы 31 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 20 қарашадағы Заңының 7-бабы 1-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын ең аз талаптары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бухгалтерлік есеп пен аудит әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Министр | Б. Сұлтанов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық банкінің төрағасы
Қ. Келімбетов
2015 жылғы 26 наурыз
Қаржы министрінің
2015 жылғы 30 наурыздағы
№ 231 бұйрығымен бекітілген
Міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын
ең аз талаптар
1. Осы міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын ең аз талаптар (бұдан әрі - Ең аз талаптар) «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 20 қарашадағы Заңына сәйкес әзірленді және ұйымдарға міндетті аудит жүргізуге жіберілетін аудиторлық қойылатын ұйымдарға ең аз талаптарды белгілейді.
ҚР Қаржы министрінің 2016.18.11. № 600 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Редакция документа
Демо – версия документа